RU
Толық нұсқаға өту

Канар аралдарында 3 261 мигрант құтқарылды

07.11.2026, 17:25 33

Испанияның Канар аралдарына ағылған мигранттар саны күрт артты. Қарашаның алғашқы алты күнінде шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 3 мың 261 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды «24KZ».

Кейінгі тәулікте екі қайықтан 500-ге жуық адам аман шығарылып, бір азаматтың денесі табылды. Арал маңында кемінде тоғыз адам қаза тапты. Аймақ басшысы Фернандо Клавихо мигранттар ағыны 2024 жылғы рекордтық көрсеткішке жақын қалғанын ескертіп, шұғыл шара қабылдауға шақырды. Канар аралдары – Мали, Сенегал және Мароккодан Еуропаға бет алған босқындар үшін негізгі бағыттардың бірі саналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz