АҚШ Иранның қару-жарақ тасымалына тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды 24KZ.
Америка Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Иранның құрлықтағы шекаралары мен Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын жіті бақылау үшін жедел топ құрды. «Темір қақпа» деп аталатын топтың құрамында 20 азаматтық және әскери маман бар. Олардың міндеті – қару-жарақпен қоса, АҚШ санкциясына іліккен тауарлар мен заңсыз кіріс көздерінің айналымына жол бермеу. Америкалық Fox News телеарнасының ақпарына сүйенсек, АҚШ Президенті Дональд Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі құраммен кеңес өткізіп, әскери операцияны қайта бастау мәселесі талқылаған.
Тегтер #24KZ #АҚШ Иран #Иран #Таяу Шығыс #қару жарақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz