RU
Толық нұсқаға өту

Израильде жаңа үкімет құрылады

08.11.2026, 19:30 47

Израиль Президенті премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың саяси қарсыласы, «Яшар» оппозициялық партиясының жетекшісіне жаңа үкімет жасақтауды тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.

Ицхак Герцог мұндай шешімді парламенттік сайлаудан кейін қабылдады. Сайлау қорытындысы бойынша тараптардың ешқайсысы үкімет құруға қажетті дауыс жинай алмады. Ал Айзенкотқа басқарушы коалиция құру үшін 28 күн уақыт беріледі. Қажет болған жағдайда бұл мерзім тағы 14 күнге ұзартылуы мүмкін. Алайда мандат алу, елдің премьер-министрі болатынына кепілдік бермейді. Егер ол белгіленген мерзімде үкімет жасақтай алмаса, үкімет құру құқығы басқа үміткерге өтеді. Ал екі үміткердің де талпынысы сәтсіз аяқталса, Израильде кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz