Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан зақымданған мұнай нысандары мен қоймалардың шамамен 80 пайызы қалпына келтірді. Жұмыс қарашаның 21 дейін толық аяқталады.
Бұл туралы Иранның Ұлттық мұнай инженерлік-құрылыс компаниясының бас директоры Мохаммад Мешкинфам мәлімдеді. Ал мұнай өнімдерін тасымалдау инфрақұрылымының әзірге 60 пайызы жөнделген.
Жалпы Тегеранды жанармаймен қамтамасыз ету жүйесі шамамен екі аптада қайта іске қосылған. Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының генералы Әли Белали АҚШ пен Израиль қайта соғыс ашса, қарымта соққы жойқын болатынын ескертті.
Тегтер #Иран #мұнай #АҚШ #Израиль #қоймаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz