АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Газаға қатысты бейбіт жоспарды іске асыруға шақырды. Бұл туралы Axios басылымы хабарлады.
Мәліметке сәйкес Трамп телефон арқылы сөйлесу кезінде Израиль Үкіметінің келісілген жоспарды орындауға кірісуін күтіп отырғанын жеткізген. Тараптар әңгіме барысында Ирандағы жағдайды да талқылаған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында қабылданған Трамп жоспары атысты тоқтату, қарулы топтарды қарусыздандыру және секторда халықаралық күштерді орналастыруды қамтиды. Алайда бұған дейін Нетаньяху ХАМАС толық қарусызданбайынша, әскерді шығаруға қарсы екенін мәлімдеген.
Тегтер #Трамп #Газа #ИзраильPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz