RU
Толық нұсқаға өту

Мысыр Жерорта теңізінен жаңа газ кен орнын ашады

09.11.2026, 14:20 57

«Насим-1X» атты барлау ұңғымасынан 200 миллиард текше фут көлемінде газ қоры анықталды. Әзірге министрлік газ өндіру нақты қашан басталатынын жариялаған жоқ. Жаңа кен орнын қолданыстағы инфрақұрылымға қосу көзделіп отыр.

Сондай-ақ жаңа кен орнын игеруді жеделдету үшін ұзындығы шамамен 22 шақырым болатын құбыр желісі тартылмақ. Кейінгі жылдары бұл ел табиғи газ өндіру көлемінің азаюына байланысты ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін импортқа тәуелді болып келген еді. Сарапшылардың айтуынша, жаңа қор толық игеріліп, өндіріске қосылған жағдайда халықаралық нарыққа жеткізілетін газ көлемі артуы мүмкін. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz