RU
Толық нұсқаға өту

Ирак Иранмен шекара бекеттерін жабуы мүмкін

09.11.2026, 14:40 52

АҚШ Ирак билігінен Иранмен арадағы шекара бекеттерінің басым бөлігін жабуды талап етті. Ресми Вашингтон тек екі бекетті қалдырып, Тегеранға экономикалық қысымды күшейтуге ниетті. Бұған Бағдад алаңдаушылығын білдірді.

Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейннің айтуынша, өткізу бекеттерін жабу екі ел арасындағы саудаға кері әсер етіп, Ирак экономикасына елеулі зиян келтіруі мүмкін. Қазір АҚШ пен Ирак арасында келіссөз жалғасып жатыр. Тараптар Ормуз бұғазы арқылы, Оман жағалауына жақын теңіз бағытымен мұнай тасымалдау туралы келісімге келді. Ал дерекке жүгінсек, мұнай экспортындағы іркілістер салдарынан Ирак 60 миллиард доллар шығынға ұшыраған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz