200-ге жуық ел өкілдері Анталия қаласында бас қосып, климат өзгерісіне қарсы күрес шараларын талқылайды. Биыл конференцияға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған төрағалық етеді. Сарапшылар жасанды интеллект орталықтарының электр энергиясы мен су тұтынуы күрт өсіп жатқанын ескертіп отыр.
Кездесулер мен келіссөздерде қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі, мұхиттар мен теңіздерді қорғау және таза энергетикаға көшу мәселелерін талқылайды. Айта кетейік, Қазақстан COP31 конференциясы аясында 28-ге жуық құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр. Саммит 20-шы қарашаға дейін жалғасады.
Тегтер #Түркия #БҰҰ #COP31 климаттық саммитіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz