NASA Айға ядролық энергиямен қозғалатын құрал жібереді. 6 дөңгелегі бар құрылғыны қазір АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния штатының инженерлері құрастырып жатыр. Ол Айда Күн сәулесі жетпейтін тас қараңғы жерлерге жетіп, ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге жарамды болмақ. Мамандар жаңа құралды 2028 жылдың аяғына таман Blue Origin компаниясының зымыранымен жіберуді жоспарлап қойған. Миссияның мақсаты – Айдың бетін зерттеу, табиғи ресурстардың бар-жоғын және көлемін анықтау. Әсіресе мұздықтар туралы толығырақ ақпарат алу маңызды. Сонымен қатар, болашақта емін-еркін қону аумағын таңдап, арнаулы база салу мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Тегтер #NASA #ай #ядролық қозғалысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz