Алып держава басшылары Қытайда кездеседі.
Мұны Президент Трамптың өзі растады. Ақ үй басшысының айтуынша, үш жақты басқосу Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында өтуі тиіс. Бұл жиын биыл 18-19 қараша аралығына жоспарланып отыр. Дональд Трамп болса Си Цзиньпин және Владимир Путинмен Ирандағы соғысты тоқтату және ядролық қару санын қысқарту мәселелерін қозғауға ниетті екенін жеткізді. Бұған дейін Кремль басшысы бұл келіссөз алаңында Украина шиеленесін талқылауды ұсынған еді.
Тегтер #АҚШ #Ресей #Қытай #Иран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz