Грекияның Крит аралы маңында 20 мигрант суға кетті. Ливия жағалауынан жолға шыққан топ Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетуді көздеген. Мәйіттер порттан шамамен 30 шақырым жерден табылды.
Оқиға орнынан тағы 40 адам құтқарылды. Теңіздегі апаттың мән-жайы зерттеліп жатыр. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметі бойынша, былтыр Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтпек болған 2 мыңға жуық мигрант осылай жолшыбай мерт болған.
Тегтер #мигрант #Еуропа #Грекия #Крит аралы #Жерорта теңізіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz