RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда зауыттағы жарылыстан 16 адам көз жұмды

10.11.2026, 07:40 71

Түркияда металлургия зауытында жарылыс болып, 16 адам көз жұмды. Тағы 16 жұмысшы ауыр жараланған. Төтенше жағдай жөнінде президент Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді. 

Ақпарға қарағанда, оқиға кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00 шамасында Измир провинциясына қарасты Алиага қаласындағы HABAŞ металлургия кәсіпорнында болған. 

Алдын ала мәліметке қарағанда, зауытта болат құю жұмыстары кезінде мұнаралы кран пеш үстіне құлаған. Артынша қатты жарылыс болып, өрт шыққан. Алиага – Түркияның металлургия және химия кәсіпорындары, мұнай өңдеу зауыттары орналасқан ірі өнеркәсіп орталығы. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz