RU
Толық нұсқаға өту

Румынияда АЭС қайта іске қосылды

10.11.2026, 09:00 53

Румыниядағы жалғыз атом электр станциясы жұмысын қайта бастайды. Бірінші энергоблок өткен аптада электр желісіне қосылды. Ал екінші энергоблок бүгін іске қосылады.

Елде шілде айында гидроэнергия өндірісі күрт қысқарып, екі бірдей атом реакторы жұмысын тоқтатқан еді. Өйткені станцияны салқындатуға қажетті су тартылып қалған Дунай өзенінен алынады. 

Электр энергиясының тапшылығын өтеу үшін Румыния электр энергиясын қымбат бағамен импорттауға мәжбүр болды. Үш айдағы іркіліс мемлекеттік энергетикалық компанияға 200 миллион еуро шығын әкелген. Бұл туралы Румыния премьер-министрі Лука Никулеску мәлімдеді.

Еске сала кетейік, биыл жазда Еуропада аптап ыстық пен алапат орман өрттері тіркелді. Салдарынан энергетика саласына, кеме қатынасына және денсаулық сақтау жүйесіне елеулі зиян келді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz