АҚШ Еуропаны қорғаныс саласында қаржыландырудан бас тартып, жауапкершілікті НАТО одақтастарымен тең бөлуді талап етті. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет мәлімдеді.
Оның айтуынша, Кәрі Құрлық елдері аймақ қауіпсіздігіне негізгі жауапкершілікті өздері алуға тиіс. Ал Еурокомиссияның жобасында Еуропаның әскери дайындығына 2030 жылға дейін қауіп төніп тұрғаны айтылған. Былтыр қорғаныс шығыны 418 миллиард еуроға жеткен. Десе де әскери мүмкіндіктер мен стратегиялық ресурстар әлі де жеткіліксіз. Брюссель: «Бұл олқылықтарды жою үшін қосымша 500 миллиард еуро қажет» дейді. Еуроодақ әуе қорғанысын және оқ-дәрі өндірісін дамытуға басымдық беріп отыр. Сондай-ақ Украинамен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты күшейту жоспары бар.
Тегтер #АҚШ #Еуропа #қаржы #НАТОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz