RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда қалың қар жауды

10.11.2026, 10:40 46

Қытайда қалың қар жауып, қозғалыс шектелді. Таулы аймақтарда негізгі автомагистральдар жабылып, көліктер кері қайтып жатыр. Төтенше жағдай көрші елдің бірнеше аймағында тіркелді. Салдарынан жол апаты да көбейген.

Сицзан ауданында ақтүтек боранда жолда қалған 53 жолаушы құтқарылды. Сонымен қатар күннің күрт суытуынан елдің шығысындағы Цзянсу өңірінде 2 мыңға жуық кеме шұғыл түрде жағаға шығарылды. Желдің екпіні секундына 29 метрге дейін жеткен. Қазір балықшылар теңізге шыға алмай отыр. 

Чжао Сянкунь, жергілікті көлік басқармасының қызметкері

- Біздің бөлімге тапсырылған автожолдарға күндізгі сағат 14:00-ге дейін 7 топ жіберілді. Әрқайсысы 20 адамнан тұрады. Олар жолдағы жағдайды бағалайды. Қазір негізінен қар күреп, жолды ашу жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz