АҚШ Конгрессінде Пентагон басшысы Пит Хегсетке импичмент жариялау мәселесі қайта көтерілді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жолы мұны демократ емес, Кентукки штатынан сайланған республикалық конгрессмен Томас Мэсси ұсынды. Ол Хегсетті қызметін асыра пайдаланды және Конгрестің рұқсатынсыз Иранға қарсы соғыс жүргізіп жатыр деп айыптады. 1973 жылғы заңға сәйкес Конгресстің бекітуінсіз жүргізілетін әскери іс-қимылдар 90 күннен аспауға тиіс. Мэсси бұл мәселені бұған дейін де, қыркүйек айында, дауысқа салуға тырысқан. Аралық сайлаудан кейін демократтардың импичмент жариялау мүмкіндігі артты. Дегенмен Хегсетті қызметінен босату үшін Сенат мүшелерінің дауысы қажет. Ал Пентагон басшысының өзі тағылған айыптарды негізсіз деп санайды. АҚШ президенті Дональд Трамп та министрді қызметінде қалдырғысы келеді.
Тегтер #24KZ #импичмент #Пентагон #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz