RU
Толық нұсқаға өту

Түркиядағы зауыт өртінде 18 адам қаза тапты

10.11.2026, 21:30 37

Түркияның Алиага қаласында Металлургия зауытындағы жарылыс пен өрттен қаза тапқандар саны 18 адамға жетті. Тағы бір жұмысшы із-түссіз жоғалып кеткен. Сонымен қатар 15 тұрғын жараланған, деп хабарлайды 24KZ.

Арасында ауыр халде жатқандары бар. Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша зауыттағы жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде жоғарыдағы винч үзіліп, балқытылған болат құйылатын электр доғалы құлаған. Құлаған ауыр бөлшектер кәсіпорынның ішкі табиғи газ құбырын зақымдап, соңы жойқын жарылысқа ұласып, өрт туындады. Әділет министрлігі мен прокуратураның шешімімен арнайы тергеу тобы құрылды. Қазірдің өзінде 11 адам қамауға алынған. Олардың арасында HABAŞ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, зауыт директоры, болат қорыту цехының бастығы, механикалық жөндеу шебері және техникалық қауіпсіздікке жауапты инженерлер бар. Айта кетейік, Алиага – Түркияның металлургия және химия кәсіпорындары, мұнай өңдеу зауыттары орналасқан ірі өнеркәсіп орталығы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz