Иран жерасты зымыран қалашығын көрсетті.
Бейнежазбаны "Рейтер" агенттігі таратқан. Ислам төңкерісінің сақшылар корпусы зымыран базасының жаңадан құрылғанын мәлімдеді. Кадрларда Иран қарулы күштері Бас штабының бастығы Әли Абдоллаһи мен Әскери-ғарыш күштерінің басшысы Мәжид Моусавидің нысанды аралап, зымыран ұшыру қондырғысын тексеріп жатқаны көрінеді. Иран әскерилерінің айтуынша, бұл базалар 500 метр тереңдікте, таудың астында орналасқан. Ақпаратқа сәйкес бункер АҚШ пен Израильдің ең қуатты бомбаларына төтеп бере алады.
Тегтер #Иран #Таңдаулы #24KZ #зымыранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz