RU
Толық нұсқаға өту

Ресей-Украина келіссөзі жалғасады

11.11.2026, 08:10 68

Бүгін Абу-Дабиде Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің екінші кезеңі жалғасады.

АҚШ мұнда арағайын міндетін атқарып жатыр. Кеше келіссөздің алғашқы жабық отырысы 4 сағатқа созылған. Тараптар еуропалық қауіпсіздік кепілдіктері, жер аумағы мәселелері және соғысты тоқтатудың алғашқы қадамдары мен екі ел бір-бірінің энергетикалық нысандарына соққы жасауын тоқтату мәселесін қарады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқосуды "өте нәтижелі" деп бағалаған. Сондай-ақ ол алда жиынға Еуропа елдерінің де қатысуы маңызды екенін айтқан. Бұл келіссөз - кейінгі тоғыз айда Украина мен Ресей арасындағы алғашқы үш жақты келіссөз. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz