Иран тарапынан төнген қауіпке байланысты АҚШ Ұлыбританиядағы әскери ұшақтарын әкетті. Кейінгі екі күнде 12 ұшақ АҚШ-тың Англиядағы екінші әскери базасы Милденхоллдан ұшып кетті. Өткен айдың басында Фэрфорд базасынан шығарылған еді.
Америкалық Wall Street Journal басылымының мәліметіне сүйенсек, құқық қорғау органдары ұшақтарға Иран тарапынан шабуыл жасалуы мүмкін деп күдіктенген. Алайда Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі ұшақтар мен өзге де әскери құралдар операциялық қажеттіліктерге сәйкес тұрақты түрде ауысып отырады, деп мәлімдеді. АҚШ Әскери-әуе күштерінің өкілі ді бұл пікірді қостады.
Тегтер #Англия #әскери ұшақ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz