RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ қорғаныс министріне импичмент жарияланбайтын болды

11.11.2026, 12:00 39

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы қорғаныс министрі Пит Хегсетке импичмент жариялау бастамасын іс жүзінде тоқтатты.

Бұл қарарды тиісті комитеттің қарауына жіберу мәселесі кеше дауысқа салынған еді. Республикашылар басымдыққа ие болып, Конгрестегі мерзімі аяқталғанға дейін бұл мәселе қайта қаралмайтын болды. АҚШ президенті Дональд Трамп та дауыс беру нәтижесін құптап, демократтардың әрекеті сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді. Дегенмен, аралық сайлау қорытындысы бойынша Өкілдер палатасындағы басымдық 1 жарым айдан соң демократтарға өтеді. Яғни импичмент мәселесі қайта күн тәртібіне шығуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz