Оңтүстік Кореяның Соннам қаласында да ірі жол апаты болды.
Кептеліс кезінде жолаушылар тасылмалдайтын автобус 32 көлікке соқтығысқан. Оның ішінде жүк және жеңіл көліктері бар. Қоғамдық көліктерге де зақым келген. Рёнхап ((Yonhap)) агенттігінің мәліметі бойынша, жол апаты салдарынан 48 адам зардап шекті. Алты жолаушының жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша 60 жастағы автобус жүргізушісі полицияға автобустың тежегіш жүйесі істен шыққанын айтқан. Қазір жол апатының нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Тегтер #корея #жол апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz