RU
Толық нұсқаға өту

Чарльз дауылына байланысты Португалияда 8 мың мектеп жабылды

11.11.2026, 22:46 32

Португалия жағалауына Атлант мұхитынан аса қуатты Чарльз дауылы келе жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бүкіл ел аумағында 8 мың мектеп пен өзге де мемлекеттік мекемелер жабылды. Атлант мұхитынан басталған дауылдың жылдамдығы сағатына 140 шақырымнан асады. Қазірдің өзінде нөсер жауын толастамай тұр. Лиссабон көшелерін толығымен су басты. Бірнеше ірі сауда орталығында да уақытша жұмысын тоқтатты. Ел астанасында 70 мың қатысушы келеді деп жоспарланған технологиялық конференцияның мерзімі кейінге шегерілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz