АҚШ-тағы аралық сайлаудан кейін мигранттар Америка шекарасына қарай қайта ағыла бастады. Орталық және Оңтүстік Америкадан жиналған 2 мыңдай адам Мексика арқылы АҚШ-қа өтуді қалайды, деп хабарлайды 24KZ.
Олар демократтардың жеңісінен дәмелі. Басым бөлігі жұмыссыздық пен жоқшылық әбден қажытқанын айтады. АҚШ-тағы қатаң көші-қон саясаты өзгереді деп үміттенеді. Кейбірі шекарадан өте алмаса, Мексикада қалуға бекініп отыр. Трамп билікке келгелі мигранттарға қатысты заң күшейді. Бұл елде заңсыз жүрген өзге елдің азаматы бірден депортацияланады.
Тегтер #24KZ #мигранттар #аралық сайлау #АҚШ #шекараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz