RU
Толық нұсқаға өту

Иран қарулы күштеріне шектеусіз операцияларға рұқсат берілді

12.11.2026, 23:30 25

Иран қарулы күштері қарымта әскери операцияларды географиялық шектеусіз өткізуге рұқсат алды, деп хабарлайды 24KZ.

Елдің Жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменей тиісті үкім шығарды. Оған АҚШ және Израильмен қарым-қатынастың нашарлауы түрткі болды. Тіпті жаңа қарулы қақтығыс қаупі туындады. Ресми Тегеранның мәлімдеуінше, қарулы күштер қауіп төнген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай алады. Иран өзінің баллистикалық зымырандарының ұшу қашықтығына шектеуді де алып тастады. Бұрын ракеталар 2 мың шақырымға дейін ғана ұшырылатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz