RU
Толық нұсқаға өту

Гондурастық мигранттар АҚШ шекарасына беттеді

13.11.2026, 09:30 22

Жүздеген мигрант Мексиканың оңтүстігіндегі Тапачула қаласынан АҚШ-қа жаяу аттанды. Олар Америкадағы аралық сайлауда демократиялық партия жеңіске жеткеннен кейін қазіргі иммиграциялық саясат өзгереді деген үмітте.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейінгі екі айда жолға шыққан латынамерикалықтарды Мексика полициясы қамауға алып, артынша елдеріне депортациялаған еді.

35 жастағы Эдгар Ромеро 7 жыл бойы Америкада тұрған. Ес біліп қалған екі баласы АҚШ азаматы болғанына қарамастан, өзін 2 ай бұрын депортациялапты. Гондураста бір сәт дамылдамастан, миграциялық көшке қосылды.

Эдгар Ромеро, мигрант:

- Демократтардың өтпелі сайлауда жеңіске жеткенін жолда естідім. Қуанышымда шек жоқ. АҚШ-та қалған балаларым бейнеқоңыраумен сөйлескенде күнде жылайды. Бір-бірімізді қатты сағындық. Оларды әйелім жалғыз асырай алмайды. Өз отбасыма қорған болу үшін қайтсем де, шекара асуым керек.

АҚШ Конгресінде демократтар жеңіске жете сала құрылған мигранттар тобы өткен апта аяғында Мексикамен шекараны кесіп өтті. Көші-қон полициясы да, бірнеше елдімекеннің тәртіп сақшылары да босқындарға тосқауыл қоймады.

Эдди Моралес, мигрант:

- Гондураста аштық жайлап, қарулы қарақшылардан бас сауғалау қиын болып кетті. Сондықтан біз күте алмаймыз.

Айта кетейік, Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум қызметіне кіріскелі, латынамерикалық босқындар 20 рет ел аумағы арқылы АҚШ-қа беттеген. Алайда ол топтарды Мексиканың тәртіп сақшылары Чьяпас және Оахака штаттарынан ары асырмады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz