Америкалық құқық қорғаушылар жасанды интеллект әзірлеуші бірнеше компанияны сотқа берді. Олардың қатарында Anthropic, Google, Meta, OpenAI және Spacex бар.
Associated Press агенттігінің мәліметіне сүйенсек, құқық қорғаушылар жасанды интеллектінің жаңа модельдерін әзірлеуді әрі қолданысқа енгізуді тоқтатуды талап етіп отыр. Айтуларынша, технологиялық компаниялар өз жүйелерінен туындайтын қауіптің алдын алуға қауқарсыз. Құжатта нейрожелілердің көмегімен жасалған кибершабуылдар мысал ретінде келтірілген.
Тегтер #АҚШ #ЖИ #компания #сот #Anthropic #Google #OpenAI #SpaceXPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz