Қазанда АҚШ бюджетінің тапшылығы 400 миллиард доллардан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42 пайыз өсті. АҚШ Қаржы министрлігі мұны мемлекеттік табыстың азайып, шығынның артуымен түсіндіріп отыр.
Атап айтқанда, кедендік баждардан түсетін кіріс 9 пайыз қысқарған. Ал мемлекеттің жалпы шығыны 770 миллиард доллардан асып жығылады. Қаражаттың едәуір бөлігі фермерлерді қолдауға және әскери қажеттіліктерге жұмсалған. Ал өткен жылы ел қазынасының жалпы тапшылығы 2 триллион долларға жуықтаған.
Тегтер #АҚШ #бюджет #шығын #табысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz