RU
Толық нұсқаға өту

Нью-Дели – әлемдегі ауасы ең лас қала

13.11.2026, 15:30 25

Үндістан астанасы әлемдегі ең лас қалалар рейтингісінде бірінші орынға шықты. Нью-Делиде ауа сапасының индексі 334-ке жетіп, Пәкістанның Лахор қаласынан асып түскен, деп хабарлайды 24KZ.

IQAir халықаралық компаниясы осындай дерек келтірді. Ал Үндістанның ресми мекемесі бұл көрсеткішті 403 деп бағалады. Бүгін қаланы қою түтін басып, көшедегі жарық шамдардың көрінбей қалған. Тұрғындар: «Ауаның ластануы денсаулыққа зиян келтіріп, күнкөріске кедергі болып отыр», – дейді. Мамандар шаһардағы жағдайды көлік түтіні, құрылыс шаңы және егін қалдықтарын өртеуден шыққан түтінмен байланыстырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz