АҚШ Мемлекеттік департаменті 6 мың визаның күшін жойды. Шара шетелдіктердің «Бала туу туризмін» тоқтату үшін жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
Визаға өтініш бергендер ғана емес, Америкаға арнайы сапарды ұйымдастырушы компанияларға да шектеулер енгізілді. Тамызда осындай әрекеттерге тоқтау салу мақсатында Мемлекеттік департамент ішінде жұмыс тобы құрылды. АҚШ Конституциясына сәйкес елде «Топырақ құқығы» бекітілген. Оған сәйкес кез келген нәресте АҚШ төлқұжатын алады.
Тегтер #24KZ #виза #АҚШ #бала тууPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz