RU
Толық нұсқаға өту

SpaceX Starship зымыранын ұшырды

14.11.2026, 19:15 44

SpaceX компаниясы ең ірі Starship зымыранын 15-ші рет ғарышқа жіберді. Ол орбиталық сынақ ретінде Жерді айнала ұшады, деп хабарлайды 24KZ.

Зымыран Техас штатындағы Starbase әуе-ғарыш базасынан аттанды. Кеме шамамен 275 шақырым биіктікке көтерілді. Ұшу уақыты 22 сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде аппарат ғаламшарды 14 рет айналып шығып, орбитаға 26 Starlink интернет жер-серігін шығарады. Ал Super Heavy зымыран тасығышын кері қайтару сәтсіз аяқталды. Бірінші сатысы, ұшыру алаңына қона алмай, Мексика шығанағына құлады. Starship жүйесі болашақта Ай мен Марсқа ұшу үшін сынақтан өтіп жатыр. Осыған дейін ол 14 мәрте ұшырылып, 9-ы сәтті аяқталған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz