RU
Толық нұсқаға өту

Microsoft жұмысын қалпына келтірді

14.11.2026, 19:30 35

Microsoft компаниясы бір тәуліктен астам уақытқа созылған ауқымды ақаудан кейін, тұтынушылық сервистерінің жұмысын қалпына келтірді. Teams, Outlook, Copilot және басқа да қосымшалар істеп тұр.

Дегенмен кейбір корпоративтік қызметтер әзірге толық көлемде қосылған жоқ. IT-алпауыт ақау кезінде жиналып қалған электрондық хабарламаларды өңдеп жатыр. 12 қарашада сервистерден ақау шығып, түрлі елдердегі пайдаланушыларға, бизнес пен мемлекеттік ұйымдарға кері әсер етті. Компания кибершабуыл немесе жасанды интеллект қатесі туралы нұсқаны жоққа шығарды. Мамандар оқыс оқиғаға, желілік инфрақұрылымдағы техникалық ақау себеп болғанын айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz