АҚШ-та тарихта тұңғыш рет жасанды интеллект көмегімен жазылғанға әуенге сыйлық берілді. Лос-Анджелесте ұйымдастырылған AI Music Awards марапаттау рәсіміне, нейро-желі әр-тісін жасаушылар жиналды, деп хабарлайды 24KZ.
Басты жеңімпаздардың бірі ретінде Xania Monet есімді жасанды интеллект кейіпкері атанды. Ол бірден «Жыл әртісі», «Жыл әні» және «Жыл альбомы» атты үш марапат иеленді. Сондай-ақ Моне Billboard музыкалық чарттарына енген алғашқы ЖИ-орындаушы болды. Ұйымдастырушылар жаңа бағытқа қызығушылықтың артып келе жатқанын айтады. Оны жақтаушылар жасанды интеллектіні шығармашылыққа арналған жаңа құрал деп санаса, сыншылар кәдімгі шынайы өнер адамдарының еңбегі құнсызданып барады дейді.
Тегтер #АҚШ #ЖИ #сыйлық #әуенPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz