RU
Толық нұсқаға өту

Starship зымыраны алғаш рет механикалық басқарумен ұшыру алаңына қонды

15.11.2026, 14:04 7

Starship зымыраны алғаш рет механикалық басқару құралдарының көмегімен ұшыру алаңына сәтті қонды, деп хабарлайды 24KZ.


Илон Масктың SpaceX компаниясы әзірлеген ғарыш кемесі 13 қарашада АҚШ-тың Бока-Чика қаласындағы Starbase ұшыру алаңынан ғарышқа жіберілген. Ол 275 шақырым биіктікте Жерді 15 рет айналып, орбитаға 26 жаңа Starlink жерсерігін орналастырды. SpaceX компаниясы алып зымыранды орбитаға алғаш рет биыл 28 қыркүйекте ұшырған болатын. Алайда ол кезде 33 қозғалтқыштың бірі істен шығып, зымыран Тынық мұхитының солтүстік бөлігіне қонған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz