Израиль армиясы Газа секторындағы Хан-Юнис қаласына әуеден соққы жасады. Шабуылдан ХАМАС қозғалысының командирі Самир Абу Юнис қаза тапқан. Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.
Айта кетейік, Газада атысты тоқтату режимі күшіне енгізілгенімен, Израиль аймақты бомбалауды жалғастырып келеді. Өңірдегі палестиналық ұйымдардың дерегіне сүйенсек, Израиль соққыларынан қазірге дейін өңірде 1643 адам көз жұмып, 6 мыңға жуық тұрғын жарақат алған. Ал БҰҰ мәліметіне қарағанда, Газа халқының шамамен 65 пайызы, яғни 1,4 миллионға жуық тұрғын шатырлар мен қираған ғимараттарда тұрып жатыр.
Тегтер #Газа #ХАМАС #әуе соққысы #қаза таптыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz