RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы 1,7 млрд баррельден астам мұнай өткізді

15.11.2026, 14:05 4

АҚШ әскері кейінгі бірнеше айда Ормуз бұғазы арқылы 1,7 млрд баррельден астам мұнай тасымалын қамтамасыз етті. Бұл туралы осы елдің Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Өткелмен қара алтынды жеткізуде америкалықтардың көмегіне Парсы шығанағы елдері жүгінген, деп хабарлайды 24KZ.

Жалпы биыл маусым айынан бастап АҚШ күштері Ормуз арқылы 4 мыңнан астам коммерциялық кеменің өтуіне жағдай жасаған. Ол үшін өткелдегі басты бағыттарды миналардан тазартты. Дегенмен бұғазбен жүру әлі қауіпті. Бүгін онымен жасырын өтпек болған тағы екі мұнай танкері минаға түсіп, жарылды. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Танкерлердің экипажы навигациялық жүйелерді өшіріп қозғалған. Жарылыстан кейін бұғазды осылай кесіп өтпек болған тағы екі кеме кері қайтқан.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz