Биткоин бағасы кейінгі үш айға жуық уақытта алғаш рет 65 мың доллардан төмен түсті. Binance биржасының мәліметіне сүйенсек сауда барысында криптовалюта 62 200 долларға дейін құлдырады. Алайда кейін актив құны қайта қалпына келді. Қазір биткоин шамамен 65 мың доллардан саудаланып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Криптовалюта бағасының құбылуына АҚШ облигациялары кірісінің өсіп, доллардың нығаюы және Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруі мүмкін деген болжам әсер етті. Қазан айында Binance биржасына жасалған кибершабуыл тұрақсыздықты арттырды. Осы аптада биржа 87 желіде қаражатты шығару мүмкіндігін қайта іске қосты. Қалған активтер бойынша функцияны келесі аптаның соңына дейін толық қалпына келтіру жоспарлап отыр.
Тегтер #биткоин #криптовалюта #Binance #биржаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz