RU
Толық нұсқаға өту

Иран Бахрейндегі әскери базаны атқылады

15.11.2026, 19:00 28

Иран Бахрейндегі Риффа тікұшақ базасына 6 дрон атты. Мұнда АҚШ-тың радиолокациялық станциясы орналасқан, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Иран сақшылар корпусы хабарлады. Бахрейн күштері дрондарды дарытпай атып түсірген. Корольдік кез келген шабуылға тойтарыс беруге дайын екенін жеткізді. Тегеран бұл әрекетін АҚШ әскерінің «агрессиясына» жауап деп мәлімдеді. Бұған дейін Құрама Штаттар Сирик қаласындағы байланыс нысанына соққы жасаған еді. Ресми Тегеран АҚШ пен Израильге болысқан мемлекеттердің әрекеті, жауапсыз қалмайды деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz