Иорданияда православие шіркеуіне шабуыл жасаған үш адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады. Елдің Мемлекеттік қауіпсіздік соты оларды тоғыз бап бойынша кінәлі деп таныды.
Сотталғандар лаңкестік әрекет жасаған. Қару-жарақ қолданған және террористік топтың идеологиясын таратқан. Олардың бірі терроризмді қаржыландырғаны үшін де айыпты деп танылды.
Тергеу мәліметіне қарағанда, шабуыл 23 қазанда Эль-Карак провинциясындағы Әулие Георгий православие шіркеуінде болған. Қарулы үш адам жерлеу рәсімі кезінде жиналғандарға оқ жаудырған. Тоғыз адам қаза тауып, 34 адам жараланған. Шабуылдан кейін күдіктілер оқиға орнынан ізін суытқан. Кейін оларды Иорданияның қауіпсіздік күштері ұстады.
Тегтер #Иордания #лаңкес #өлім жазасы #православие шіркеуіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz