Ормуз бұғазында кезекті мұнай танкері минаға соғылып, жарылды. Жарылыс акваторияның шығыс бөлігінде болған, деп хабарлайды 24KZ.
Ислам төңкерісі сақшылары корпусының мәлімдеуінше, кеме навигация жүйесін өшіріп, тыйым салынған бағыт бойынша рұқсатсыз жүзіп бара жатқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, қақтығыс басталғалы бері Халықаралық теңіз ұйымы аймақта 134 сауда кемесі жарылысқа тап болғанын растады, соның салдарынан 25 теңізші қаза тапқан.
Тегтер #Ормуз бұғазы #мұнай танкері #кеме #жарылысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz