RU
Толық нұсқаға өту

Индонезия президенті өрт үшін кешірім сұрады

16.11.2026, 15:35 10

Индонезия президенті Прабово Субиа-Анто орман өрттерінен шыққан түтін үшін Сингапур мен Малайзиядан кешірім сұрады, деп хабарлайды 24KZ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қою түтін шамамен 4 ай бойы ауаны ластап, көрші елдердің тұрғындарына қолайсыздық тудырған. Индонезия тарапы өртті сөндіру үшін қолдан келген барлық шараны қолға алғанын мәлімдеді. Тілсіз жаумен күреске 70 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Өкінішке қарай, 16 өрт сөндіруші қаза тауып, ондаған адам жараланды. Полиция қасақана от қоюы мүмкін деген күдікпен жүзден астам компанияға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 11 корпорацияға айып тағылды. Ел билігі табиғи апаттардың алдын алу бағдарламаларын үйлестіретін жаңа мекеме құруды жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz