RU
Толық нұсқаға өту

Intel акционерлері компанияны сотқа берді

16.11.2026, 15:35 26

Микросхема өндіруші Intel компаниясын өз акционерлері сотқа берді. Ұжымдық талап-арыз Калифорния штатының Сан-Хосе қаласындағы федералдық сотқа келіп түсті, деп хабарлайды 24KZ.

Онда технологиялық алпауыт басшылығы сатылымның баяулауы компания пайдасына әсер ететінін инвесторларға тым кеш хабарлап, акция құнын жасанды түрде жоғарылатқан болуы мүмкін делінген. 30 қазанда Intel акциялары күрт арзандады. Соның салдарынан өндірушінің нарықтық құны бір күннің ішінде 140 миллиард долларға қысқарып, бағамдардың 29 пайызға төмендеуіне әкеп соққан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz