RU
Толық нұсқаға өту

Иран Парсы шығанағы елдерінің өтемақы талабын қабылдамады

16.11.2026, 18:00 41

Иран Парсы шығанағы елдерінің өтемақы төлеу туралы талабын қабылдамады. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді. Оның айтуынша, Иранға қарсы әрекеттерге өз аумағын пайдалануға берген елдер өтемақы талап ете алмайды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған жауап ретінде Тегеран да қарсы тараптан келтірілген залалды өтеуді сұрады. Ал бұған дейін араб мемлекеттері Иранға келтірілген залалды өтеу туралы талап қойған. Бұл мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында айтылды. Кеңес мәліметінше, 28 ақпаннан бері Иран 7 мыңнан астам зымыран мен дрон ұшырған. Шабуылдар әуежайларға, мұнай нысандарына және тұрғын үйлерге жасалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz