Оңтүстік Африка Республикасында бір күнде екі рет оқ атылды. Екі оқиға екі қалада болған. 17 адам мерт болып, бірқатары жараланды. Полиция екі оқиғаның байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ал қаскөйлер із суытып үлгерген.
Әзірге олардың аты-жөні мен бұл әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Жалпы Оңтүстік Африка Республикасы – қылмыс саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұрған мемлекеттердің бірі. Бұл елде күн сайын 60 адам кісі қолынан қаза болады.
Тегтер #атыс #оқ #қала #полиция #Оңтүстік АфрикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz