RU
Толық нұсқаға өту

Пхукетте 11 адам өрттен ажал құшты

17.11.2026, 08:10 19

Таиландтың Пхукет аралында өрттен 11 адам ажал құшты. Тағы 17-сі жарақат алған. «Ассоушейтид Пресс» агенттігінің хабарлауынша, тұрғын жайлар мен мотоцикл жалға беру пункті орналасқан ғимарат түнгі екілер шамасында отқа оранды.

Одан кейін жақын маңдағы электр трансформаторы жарылып, газ, мотор майы, пластик заттар мен дөңгелек тәрізді тез жанғыш материалдар бірден өртеніпті. Жалға беру орталығының өзінде 100-ге жуық мотоцикл тұрған. Пхукет полициясы тергеу басталғанын мәлімдеді.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz