АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс 2028 жылғы Президент сайлауына қатысу туралы соңғы шешімін әлі нақтылаған жоқ. Бұл туралы саясаткердің жақындарынан сұрастырған Axios порталы мәлімдеді. Оған сәйкес президент орынбасары келер жылдың көктемінде өз жоспарын ашып айтады.
Вэнс 2025 жылдың қаңтарында вице-президент қызметіне тағайындалды. Ақ үйде жұмысын бастамай тұрып, саясаткер АҚШ теңіз-жаяу әскерінде қызмет етіп, артынша инвестиция саласында еңбектенді. Кейіннен Огайо штатынан Сенатқа сайланды.
Басылымдар мәліметіне сүйенсек, Республикалық партия атынан келер сайлауға түсуі мүмкін өзге де үміткерлер бар. Олар – сенатор Тед Круз бен мемлекеттік хатшы Марко Рубио.
Тегтер #АҚШ #президент сайлауы #вице президент #Джей Ди ВэнсPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz