RU
Толық нұсқаға өту

Түркия түркі елдеріне арналған жаңа климат платформасын әзірледі  

17.11.2026, 09:40 15

Tulip деп аталатын тұғырнама экология, климаттың тұрақтылығы мен инвестиция салаларындағы серіктестікті нығайтуды көдейді. Бұл туралы Түркияның қоршаған орта министрі әрі COP31 төрағасы Мұрат Курум мәлімдеді. Жаһандық климаттық саммитпен қатар Антальяда Түркі мемлекеттері ұйымының Экология министрлері бас қосты.

Жаңа платформа қалалардың дамуын қаржыландыратын SURFF бастамасын қолдауға бейіл. Атап айтсақ, ақылды қала жобалары мен шаһарларды модернизациялауға көңіл бөлінеді. Жиын қатысушылары жасыл энергетика және құрғақшылықпен күресте күш біріктіруге уағдаласты. 

Сонымен қатар су ресурстарын тиімді пайдалану және Арал мен Каспий теңіздерінің проблемаларымен күреске назар аударды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz