Антальяда экобелсенділер қоқыстан тігілген киім киіп көшеге шықты. Акция қалада өтіп жатқан COP31 климат саммиті аясында өтті. Қатысушылар қолда бар қалдықтарды тазалап, одан киім тіккен. Осылайша экологиялық проблемаларға назар аударып, пластик өндірісін азайтуға үндеді.
Науқан барысында табиғатты аялауға шақыратын бірнеше көрініс ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – суды ысырап етпеудің маңыздылығы мен зиянды қалдықтардың ауаға таралу проблемасын көрсету.
Тегтер #Түркия #экобелсенділер #қоқыс #киімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz