RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Газадағы қызметкерлерін қорғауды талап етті

17.11.2026, 14:00 22

БҰҰ Израильден Газа секторындағы ұйым қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы ұйым басшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак мәлімдеді. Мәлімдеме Израиль әскері анклавтың оңтүстігіндегі Рафах қаласында жанармай тасымалдаған көлік керуеніне соққы жасағаннан кейін жарияланды. Оның құрамында гуманитарлық көмек көрсететін мамандар мен еріктілер болған. БҰҰ өкілі бейбіт тұрғындар мен ұйым қызметкерлері шабуылдан қорғалуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ауруханалар мен медициналық орталықтарға жасалған шабуылдарды тоқтатуға шақырды. Бұдан бөлек, Газаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді жеделдету қажет. Өңірде негізгі медициналық препараттардың жартысынан көбі таусылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz