RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда жанартау атқылады

17.11.2026, 22:10 22

Индонезияда Семеру жанартауы атқылады. Көкке көтерілген шаң мен күлдің биіктігі 4 жарым мың метрге жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Жанартаутану және геологиялық апаттар салдарын жою орталығының дерегі бойынша зардап шеккендер жоқ. Десе де метеорологтар тасқын лава ағып, сел жүру қаупі бар екенін ескертеді. Тұрғындар мен туристерді сақ болуға шақырды. Жанартаудан 5 шақырым қашықтықта жүрмеуге кеңес берді. Индонезия Тынық мұхитының отты шеңбер аймағында орналасқан. Мұнда 130-ға жуық белсенді жанартау бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz